қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.03.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері театрда

 

2021 жылдың 22-27 ақпан күндері ұйымдастырылған 1 курс студенттеріне арналған «My KazNPU» апталығы аясында университет ректорының қолдауымен студенттер М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрына барды.

 

Театрда «Екеуміз», «Барымен базар» және «Мыңжылдық махаббат» қойылымдары қойлып, студент жастарға беретін тәрбиелік мәні, отбасылық құндылықтарды бағалау, өзін-өзі танумен қатар өзгенінң жанын түсіну бағытындағы қойылымдарды тамашалады.

 

Театрға барған барша жастар университет ректоры Такир Балықбаев пен қаржылық қолдау білдірген университетіміздің қызметкерлер Кәсіподағына дән ризашылығын жеткізді.

 

Студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыру бағытында жұмыстар жасалынатынына сенім білдіреміз.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент