қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.03.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының Кубогына қалалық дебат турнирі өтті


Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен ректор Кубогына арналған қалалық турнир өтті. Турнир санитарлық талаптарды толық сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті!

 

Бірінші орынды «КН» фракциясы (ҚазҰУ, Алтын сапа): Құлахмет Нұрдәулет пен Узбекалиев Кенбай , екінші орынды «Ерғали біздің жүрегімізде» командасы (СДУ-ҚазҰУ, СДУ ДК, Алтын сапа): Оразғали Әсет пен Жәкен Нұрхан, үшінші орынды «Фоникс» (Тұран университеті, Сириус): Өтеп Жібек пен Тастанбеков Данияр иеленді.

«Үздік талпыныс» номинациясы бойынша «Жау жүрек екі бала» командасы (Сәтпаев университеті, Технократ): Досан Жасұлан мен Мұхамед Диас, «Ең үздік спикер» номинациясы бойынша Сәрсенбаев Архат (Нархоз университеті, ТЭО) үздік, «Үздік спикер» номинациясы бойынша - Жәкен Нұрхан (ҚазҰУ, Алтын сапа) жеңіске жетті.


«Жамбыл жанашыры» номинациясында Байтуракова Талшын, «Үздік интеллект иесі» номинациясында Жәкен Нұрхан тағы да көзге түсті, «Үздік төреші» номинациясында Нұртаев Дінмұхаммед («Атамекен» ИПК) жеңіске жетті.

 

Біз университет басшылығына және «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубына, турнирге қатысқан барлық пікірсайысшыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтай отырып, жаңа жеңістер тілейміз!


Ұйымдастырушы: Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, Жастар ісі жөніндегі комитеті, «Атамекен» пікірсайыс клубы.