қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.09.2018

Халықаралық қарт адамдар күнінің құрметіне

 

2018 жылдың 2-11 қазан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласы «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының «Біздің Жеңіс» жобасы аясында «Мейірім» еріктілер клубының ұйымдастыруымен «Халықаралық қарт адамдар күні» құрметіне Декада басталады.

 

Халықаралық қарт адамдар күнінің негізгі мақсаты - барлық ғаламшар мекендеушілерін егде жастағы адамдарда кездесетін әлеуметтік қиындықтар мен мәселелерге назар аударту.

 

Сондықтан Халықаралық қарт адамдар күні - бұл өмір тәжірибесімен дана болған адамдардың мерекесі ғана емес, жасына, жынысына, мәртебесіне тәуелсіз барлығы қалмастан қатысатын құрмет пен мейірімділік күні, ризашылық күні және көмек көрсету күні.

 

Алматы каласы «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №186 хатына сәйкес «Біздің Жеңіс» жобасы аясында Педагогика және психология институты, Жаратылыстану және география институты, Филология және көптілді білім беру институтының 250 ерікті студенттері қатыстырылған.