қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.03.2021

Университеттің ғылыми қызметі және жүзеге асырылған жобалары

 


 

Бұрнағы күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында ұстаздар ұстаханасының 2020 жылғы ғылыми қызметі мен жүзеге асырылған жобалары туралы мәліметпен бөлісті.

 

Ректордың жазуынша, былтыр ғылыми жобаларды іске асыруға шамамен 440 млн теңге бөлінген. Қаржыландыру аясында барлығы 58 жоба орындалып жатыр: ҚР БҒМ гранттары бойынша - 29, шаруашылық келісімшарт бойынша - 2, ЭЖМ-мен (РФ) бірлескен - 5, үшжақты халықаралық - 1, ҚР ҒЗИ-мен интеграциялық - 15, ғылыми орталықтар мен ғылыми зертханаларда - 7 жоба. Сонымен қатар, университет 3 патент пен 60 авторлық куәлік алған.

 

«Жалпы университет бойынша 3 332 ғылыми мақала, монография, оқу құралдары жарық көрді. Оның ішінде - 61 монография, орта мектептер үшін 200 оқулық, жоғары оқу орындары үшін 61 оқулық, 82 оқу-әдістемелік құрал, алыс шетел журналдарында - 245 мақала, жақын шетел журналдарында - 160 мақала, БҒСҚК ұсынған журналдарда - 775 мақала, ҚР басқа журналдарынан - 412 мақала, алыс шетел конференцияларының 263 тезисі, жақын шетелдік конференциясынан - 231, ҚР конференциясы бойынша 510 жинақтар бар. Импакт-факторлы шетелдік журналдарда 165 мақала жарияланған, оның 32-сі WoS-та, 133-і Scopus-та. 68 ғылыми іс-шара өткізілді, оның ішінде 15 халықаралық және 27 республикалық конференциялар, бейнеконференциялар және вебинарлар. Білім алушылардың 26-сы халықаралық, 89-ы республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары атанды» деп жазды Такир Оспанұлы.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың негізгі бағыттарының бірі - профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметі еліміз үшін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау болып табылады. Жоғарыдағы мәліметтерден байқағандарыңыздай, бұл бағытта университетте атқарылған жұмыстар толайым, жеткен жетістіктер де аз емес.

 

Айталық, «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес ғылыми-зерттеу университеті болуға ұмтылады. Қазақтың тұңғыш университеті ғылыми қызметті дамыту аясында зерттеу экожүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасады: Ғылым және инновациялық парк, 11 ғылыми және ғылыми-әдістемелік орталық, 5 ғылыми зертхана және Педагогикалық STEM паркі жұмыс істеуде.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары бірқатар ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) мүшелері болып табылады: «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар», «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер», «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» және басқалар.

 

Профессор Е.А. Бөрібаев және пост-докторант Д. Достілек 2020 жылы ғылым мен техниканың дамуына айрықша үлес қосқаны үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның иегерлері атанды.

 

«ЖОО үздік оқытушысы - 2020» конкурсының қорытындысы бойынша профессорлар У. М. Әбдіғапбарова және Л. Ш. Какимова жеңімпаз атанды.

 

PhD докторы С.Г.Белоус 2020 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің «Педагогикалық бастама - 2020» халықаралық жас мұғалімдер конкурсының шетелдік серіктес университет - Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өту құқығын жеңіп алды.

 

«7М01702-Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты Сабина Оспановаға ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стипендиясы тағайындалды.

 

2020 жылы конкурстық негізде профессор-зерттеушілер мен пост-докторлық бағдарламалар бойынша стипендиаттар лауазымына жеті оқытушы қабылданды.

 

«Бұл көрсеткіштер университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының, игеріліп жатқан жаңа ғылыми жобалардың, оның ішінде шетелдік университеттер мен орталықтардың, жаңа білім беру бағдарламалары мен технологиялардың енгізілуінің, талантты жастардың ғылыми ізденістерге көптеп тартылуының жемісі. Ғылыммен айналысқысы келетін жастар үшін біздің университетте барлық мүмкіншіліктер қарастырылған» деп жазды Такир Оспанұлы.

 

Расында, университет ғалымдарының халықаралық деңгейдегі кәсіби көрсеткіштері жылдан жылға артып келеді. Мысалы, Хирш индексі бар ғалымдар саны 2017 жылы - 42, 2018 жылы - 86, 2019 жылы - 104, 2020 жылы - 130 болса, Scopus журналындағы мақалалар саны 2017 жылы - 97, 2018 жылы - 126, 2019 жылы - 115, 2020 жылы - 137-ге жеткен.

 

Мадияр Әзизұлы, шолушы

15.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



428

Кері оралу