қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.11.2018

Қайнекей Жармағанбетовтің 100 жылдығы


2018 жылдың 28 қарашасында  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас ғимаратында  Қайнекей Жармағанбетовтің  100 жылдығына арналған  «Көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, ғалым - ұстаз, журналист Қайнекей Жармағанбетов шығармашылығы және қазіргі әдеби үдерістің өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтының С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы  жоғары оқу орындарының ұстаздарын, ғалымдар мен зерттеушілерді, БАҚ тілшілерін, қоғам қайраткерлерін, студенттер, магистранттар мен докторанттарды конференция жұмысына қатысуға шақырады.

 

Конференцияның өтетін орны және уақыты: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы, 13

 

Тіркелуі:  9:00 - 9:45, Үлкен мәжіліс залы -225  аудитория

 

Алқалы мәжіліс және секция мәжілістері: 10:00 - 18:00

 

Қатысу формасы: Тікелей, сырттай, онлайн түрінде

 

Мақала авторларына қатысқаны жөнінде сертификат беріледі.

 

Конференция жұмысына қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.


Байланыс:

Конференция материалдары жинағын құрастыру сұрақтары бойынша: Каримова Гүлмира Сарсемханқызы, С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD. е-mail: Kainekei@mail.ru, Телефон:+ 7 7089155083