|  |  |  | Кәсіби іс-әрекеттің бағыттары Кәсіби іс-әрекеттің бағыттары- Рухани-адамгершілік - жеке адам ретінде физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, балалар мен жеткіншектердің өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жағдайлар жасау;
 - Әлеуметтік-педагогикалық - жергілікті халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне: мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оралман отбасыларына, әлеуметтік жайсыз отбасыларына гуманитарлық-әлеуметтік қолдау көрсету; олардың толыққанды өмір сүруіне арналған жағымды жағдайлар құруға көмектесу;
 - Ғылыми-зерттеу - өскелең ұрпақтың өзін-өзі тануына, өзін-өзі іске асыруына көмектесу, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің диагностикасы, түземесі, болжамы; әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің көмегіне зәру балаларды, жеткіншектер мен жастарды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және олардың дамуын түзеу процесінің ерекшеліктерін зерттеу;
 - Идеологиялық - қоғамдық ортада балаларды әлеуметтендіру және азаматтық-құқықтық сауаттылығын бекіту, түрлі партриотты-азаматтық бағыттағы акцияларға және шараларға қатысу;
 - Мәдени-ағартушылық - кино, театр, көркемдік-бейнелеу өнері, музыка саласындағы балалардың, жеткіншектер мен жастардың мәдени уақытын өткізу жұмыстарын ұйымдастыру; мәдениет саласындағы ағарту жұмыстарының бағдарламасын жасау; мәдени-бос уақытын өткізу орталықтарын ұйымдастыру;
 - Экологиялық - мемлекеттік және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарымен бірігіп, табиғат амандығын сақтау, республика деңгейінде азаматтардың экологиялық білімін жетілдіруге негізделген жұмыс тәжірибесін тарату акцияларын ұйымдастыру;
 - Жарнамалық-насихаттаушылық - еріктілер қозғалысының әлеуметтік маңызды идеяларын қолдау, дамыту, әлеуметтік жарнамаларын ұйымдастыру, қоғамға қызмет ету әлеуметтік жауапкершілігін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
 - Аниматорлық - балалар үйі, сауықтыру-бейімдеу орталықтары мен демалыс лагерлерінде балалардың мәдени-бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін қолдау.
 Кәсіби іс-әрекеттің атқаратын қызметтері:- ұйымдастырушылық;
 - профилактикалық;
 - әлеуметтік-терапевттік;
   |