қазақша · русский · english
 
 
 
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт

«SOS Алматы балалар ауылы»
«Қоршаған ортаға риясыз қарым-қатынас» Тренинг сабақ (8-13 жас)

2016 жылы 02 сәуірде «SOS Алматы балалар ауылы» (8-13жас) арасында «Мейірім» клубының «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акция аясында волонтер студенттердің «Өзін-өзі тану» пәнінен «Қоршаған ортаға риясыз қарым-қатынас» атты тақырыпта сүйіспеншілік құндылыққа негізделген тренинг сабақ ұйымдастырды.

 

«Біздің мейірімді үйіміз - жер шары»
Экологиялық танымдық сабақ

2016 жылы 02 сәуірде «SOS Алматы балалар ауылы» жеткіншек балаларға «Мейірім» клубының «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акция аясында волонтер студенттердің сабақтан тыс іс-әрекетте «Өзін-өзі тану» пәнінен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген «Біздің мейірімді үйіміз - жер шары» тақырыпта экологиялық танымдық сабақ ұйымдастырды.

 

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге...» танымдық іс-шара

2016 жылдың 01 наурызда Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, «Аудандық көпбалалы аналар» қоғамы, «Жанұя» мектебі «Мейірім» клубы мүшелері «Алғыс айту және Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге...» танымдық іс-шарада «Алтын, Күміс алқа» иегерлері, ауданның аз қамтылған көпбалалы отбасылар аналарымен кездесу ұйымдастырды.

 

Профессор Р.М.Қоянбаевтың 75-жылдығына орай
«Р.М.Қоянбаев тобы» конкурсы

09.12.2015 жылы профессор Р.М.Қоянбаевтың 75-жылдығына орай «Мейірім» клубына мүше 1-курс 5В012300-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттерінің арасында шығармашылық конкурста өтті.

 

Алматы облыстық №1 балалар үйі,
«Біздің балалар» қайырымдылық акциясы

2014 жылы 30 қаңтарда Алматы облыстық №1 балалар үйінде «Мейірім» клубының «Біздің балалар» атты жаңа жылдық қайырымдылық акциясы аясында балаларды құттықтау шыршасына қатысты.

 

Алматы облыстық №1 балалар үйі, «Жүрек жылуын сыйла» конкурсы

2014 жылы 22 қаңтарда Алматы облыстық №1 балалар үйінде «Мейірім» клубының «Біздің балалар» атты қайырымдылық акция аясында студенттермен бірге жетім балалардың өзара ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында «Жүрек жылуын сыйла» атты конкурс өткізді.

 

 

1940