қазақша · русский · english
   
Ғылыми-зерттеу бағыт

«Өзін-өзі тану» пәндік III-Республикалық Олимпиада
Астана қаласы, Е.Гумилев атындағы Ұлттық университет базасында

2015 жылы 22-23 сәуірде Астана қаласы, Е.Гумилев атындағы Ұлттық университет базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен III Республикалық Олимпиада барысында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығында оқитын «Мейірім» клубына мүше 3-курс студенттер арасынан «Мейірім» командасы қатысты. Cертификаттар

 

 

«Өзін-өзі тану» пәндік IV- Республикалық Олимпиада
Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университет базасында

2015 жылы 14-15 сәуірде Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университет базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен IV- Республикалық «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Олимпиада барысында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығында оқитын «Мейірім» клубына мүше 3-курс студенттер арасынан «Мейірім» командасын дайындап, 2-ші жүлделі орын иеленді.

 

«Өзін-өзі тану» пәндік II-Республиалық Олимпиада
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті базасында

2014 жылы 24-25 сәуірде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығымен бірігіп университет базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша II-Республиалық Олимпиаданы ұйымдастыру барысында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығында оқитын «Мейірім» клубына мүше 3-курс студенттер арасынан қатысушы «Мейірім» командасы Алматы облыстық №1 балалар үйінің бүлдіршіндерін сахнаға шығарды.  Cертификаттар 

 
«Өзін-өзі тану» пәндік І-Республикалық Олимпиада

Республиканың 9 педагогикалық Жоғарғы оқу орнына 30 үздік студенттердің қатысуымен 2013 жылғы 27 - 28 наурыз аралығында Павлодар мелекеттік педагогикалық институтының базасында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша екінші курс студенттері арасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен І-Республикалық Олимпиада барысында: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Мейірім» командасы (бірінші орын) иеленді.

«Мейірім» командасының мүшелері:
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс студенттері
1. Байсапарова Ұлдана
2. Мажитов Асқар
3. Жұмаахмет Ұлпан

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., аға оқытушы Г.К.Ширинбаева