қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
07.04.2021

Семинар - тренинг: "Болашаққа жол өзіңнен басталады"

 


 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Болашаққа жол өзіңнен басталады» екі күндік семинар-тренингі онлайн форматта ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Абай атындағы ҚазҰПУ баспасөз қызметі.


Вебинарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын жан-жақты насихатталып, Қазақстан жастарының патриоттық сезімін арттыруға және әлеуметтік азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды зерделеуге бағытталған дәрістер оқытылды.

 

Семинар барысында «Тәуелсіздік дәуірі», «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол», «Ұлы Даланың жеті қыры» тақырыптарында дәрістер оқытылып, «Командада жұмыс істеу», «Әлеуметтік жобалар жасау» және т.б. тақырыптар аясында тренингтер жүргізілді. Жалпы семинар-тренингке Абай атындағы ҚазҰПУ-дан 22 студент қатысып, семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табыстау рәсімі өтті.


Сертификат табыстау рәсімін Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Қазына Бекбенбетова ашып, білім ордамыз бен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы арасындағы қарым-қатынас туралы қысқаша мәлімет берді. Айта кететін жайт, 2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ және Елбасы Кітапханасы ынтымақтастық орнату мақсатында өзара Меморандумға қол қойып, бүгінгі күнге дейін кітапханада ұйымдастырылатын дәстүрлі екікүндік семинарға жүзден астам студент жастарымыз қатысты.

 

Сөз кезегін алған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалар қызметі басшысы Исинова Күнсұлу Серікқызы семинар-тренингтің мазмұны жағына тоқталып, университет жастарының белсенділігін атап өтті. Сонымен қатар, жастардың семинарға қатысуына қолдау көрсеткен университетіміздің басшылығына алғысын білдірді. Университет жастары атынан Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ділдәбек Дидарбек, Тарих және құқық институтының 4 курс студенті Курманалиев Артық сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді.


Биылғы жылы аталмыш семинар пандемиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өтті. Онлайн режимінде өткен семинар студенттердің қызығушылығын арттырып, Кітапхана мен Университет арасындағы байланысты нығайта түсті.

07.04.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz

 



600

Кері оралу