қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты - Халықаралық

«Фараби Әлемі-2021» конференциясының жеңімпазы

 

2021 жылдың 14 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистранты «Фараби Әлемі-2021» Халықаралық конференциясы жеңімпазы дипломымен марапатталды.

 

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да 2021 жылдың 7 сәуірінде VIII Халықаралық Фараби оқулары аясында «Ғылымдағы студенттер - болашақтың интеллектуалды әлеуеті» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың ХХХVI Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді.

 

Филология және көптілді білім беру инcтитуты «Аударма ісі» мамандығының 2 курс магистранты Есбулатова Зарина Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры А.Қ.Жұмабекованың ғылыми жетекшілігімен орындалған «Thepoetry of AbaitranslatedintoEnglishandGermanas a means of interculturalcommunication» («Абай поэзиясының ағылшын және неміс тілдеріндегі аудармалары мәдениетаралық қарым-қатынас нәтижесі ретінде») тақырыбында баяндама жасап, «Ағылшын тілі» секциясында 1 орынға ие болды.