қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.04.2021

«Ғылыми мақала жазудағы өзекті мәселелер» халықаралық онлайн-семинары

 

2021 жылдың 16 сәуірінде ZOOM платформасында «Латын» ғылыми-практикалық орталығы жанындағы «Тілтұмар» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ғылыми мақала жазудағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық онлайн-семинар өтті.

 

Онлайн-семинар мақсаты - Scopus базасындағы басылымдарды, ғылыми мақалалар мен зерттеулерді халықаралық деңгейде орындау, оларды безендіру мен дұрыс жазу, жұмыстың мазмұндық, құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

 

Шара барысында ОҚМПУ аға оқытушысы, Wos және Scopus базасындағы Millî Folklor журналының Қазақстандағы өкілі Нұриман Бекарыс «Халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялау» тақырыбында, ал Шотландиядағы Абердин Университетінің PhD докторанты Гүлшат Түсіп «Ғылыми мақала жазудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.

 

Онлайн-семинарға мектеп мұғалімдері, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, ЖОО оқытушылары, магистранттар мен докторанттар, барлығы 100-ге жуық адам қатысты. Қатысушыларға сертификаттар берілді.