қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
22.04.2021

МФжИИ-да Ашық есік күні

 

2021 жылдың 21 сәуірінде онлайн режимінде Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының Ашық есік күні өтті. Онда институт директоры М.Ж.Бекпатшаев пен физика кафедрасының меңгерушісі В.Н. Косов сөз сөйледі. Ұйымдастырушылар кафедрада жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары мен профессор-оқытушылар құрамымен, сондай-ақ қатысушыларды университеттің материалдық-техникалық базасымен және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуімен таныстырды.

 

Физика кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ниет білдірген тыңдаушылар, атап айтқанда бакалавриат және магистратура түлектері, сондай-ақ Алматы және Алматы облысының жалпы білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары қатысты.