![]()
14.01.2019
«Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» Халықаралық ұстаздар форумы
2019 жылдың 17-18 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында "Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» тақырыбында Халықаралық педагогтар форумы өтеді.
Ұйымдастырушылар: - Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі; - Ресей Федерациясының білім, ғылым және жастар саясаты министрлігі; - Бүкілресейлік педагогикалық жиналыс; - «Ресей педагогтары: білім берудегі инновациялар» Бүкілресейлік форумы; - «Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» Халықаралық форумының дирекциясы.
Форумның міндеттері: - Баланы ерте дамыту (мектепке дейінгі білім беру сатылары үшін) және жалпы білім беру тұжырымдамасы шеңберінде кластерлік өзара іс-қимылды ұйымдастыру; - Кәсіптік білім беру индустриясында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.
Форум күндері ауқымды көрме-жәрмеңкесі (20-дан астам стенд), жаңа интерактивті технологиялар, робототехника, оқу жабдықтары, сандық зертханалар, әдебиет және т.б. жұмыстар көрсетіледі.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Төле би көшесі, 86, акт залы, тіркеу уақыты сағат 9.00 - ден 10.00-ге дейін, форумныңбасталуы сағат 10.00-де.
![]() Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|