қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.05.2021

Маңғыстаулық жас суретшінің картинасы Ұлыбританияда өткен көрмеге қойылды

 


 

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық жас суретшінің картинасы Ұлыбританияда өткен көрмеге қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Түпқараған ауданының тұрғыны Милана Нұрсайынова - Қазақстанда «Resin Art» өнерін дамытушы суретшілердің бірі. Оның туындысы жуырда Ұлыбританиядағы Ланкастер қаласында өткен халықаралық көрмеге қойылды. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Милана Нұрсайынова - Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Өнер, мәдениет және спорт» факультетінің «Сән дизайны» мамандығы бойынша 4-курс студенті. Ол екі жылдан бері эпоксидті шайыр (смола) арқылы сурет салады. Бүгінге дейін жас суретшінің Ұлыбритания мен Алматыда жеке көрмесі өтті. Онда 17 картина қойылды.

 

«Ланкастерде өткен виртуалды көрмеге «Сәулелі алтын құм» картинам қойылды. Мұнда көп адамның көзі жетіп, көңілі қабылдай бермейтін дүниелерді бұлыңғыр күйде көрсетуге тырыстым. Бұл жұмысыма грунт, текстуралық паста мен акрил пайдаландым. Суреттерімде айтар ойымды әртүрлі түсті қолдану арқылы астарлап жеткіземін. Өзге ұлт өкілдері өнерімді жоғары бағалап жатады. Мәселен, бір картинамды әзербайжан азаматы сатып алды. Қазір елімізге белгілі сәнгер Медина Сақтағановамен бірге жұмыс істеп жүрмін. Қазір тігін тігумен айналысып жүрмін. Тігіншілік өнері маған әжемнен берілген шығар деп ойлаймын. Ал сурет салу қабілеті әкемнен келгені анық», - деді Милана Нұрсайынова.

 

 

21.05.2021 ж.

Ақпарат көзі: inform.kz



378

Кері оралу