қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
25.05.2021

Патриоттық шара: "Акция-80. От тайги до британских морей..."

 


Ресей Федерациясының «Білім беру ұйымдарында діни және этникалық экстремизмнің алдын алу» Орталығы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлесуімен бүгін, яғни мамыр айының 25-інде фашистік Германияның КСРО-ға шабуыл жасауына 80 жыл толуына арналған «Акция-80. От тайги до Британских морей...» патриоттық шарасы ұйымдастырылады, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

 

Акцияның мақсаты - студент-жастарды патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет тарихындағы маңызды тарихи оқиғалар мен атаулы күндерге тағзым ету. Патриоттық акция 28 гвардияшылар-панфиловшылар саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл қою рәсімінен бастау алып, ресми бөлімде шараға қатысушы қонақтар мен спикерлер тақырып аясында баяндамалар жасайды. Акция аясында концерттік бағдарлама және далалық асхана ұйымдастырылады. Шара барысында карантиндік режимге байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

 

 

25.05.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz



380

Кері оралу