қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.06.2021

Министр Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жаңа ректорын таныстырды

 


 

Кеше, 2 маусымда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кеңесіне қатысып, оқу орнының жаңа ректоры Дархан Біләловті таныстырды.

 

Министр жоғары оқу орнының бұрынғы ректоры Такир Балықбаев өте тәжірибелі басшы екенін, бұрын Білім академиясын, Ұлттық тестілеу орталығын басқарған және білім және ғылым вице-министрі болғанын атап өтті. Сонымен қатар, министр Такир Балықбаевқа жемісті жұмысы үшін, университетті басқарған жылдары жаңа идеялармен өмірге көптеген жаңалықтар әкелгені үшін алғыс айтты. Такир Балықбаевтың басшылығымен еліміздің жетекші педагогикалық университеті халықаралық деңгейде дамығандығы, оған ұлттық және халықаралық рейтингтердің көрсеткіштері дәлел екендігі баса айтылды.

 

Жаңа ректор Дархан Біләлов - АҚШ-тың Солтүстік Батыс университетінде және Пенсильвания штаты университетінде білім алған, халықаралық ұйымдарда, Назарбаев Университетінде қызмет істеген білімді де білікті маман. Көптеген ғылыми және аналитикалық еңбектердің авторы.

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұдан әрі университеттің алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды. ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Қойгелдиев, университет ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Б.Әлмұхамбетов және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор В.Н.Косов университеттің бұрынғы ректоры Такир Балықбаевтың қызметіне жоғары баға беріп, оған алғыс айтты және оқу орнының жаңа басшысы Дархан Біләловке табыс тіледі.

 

 

03.06.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com



356

Кері оралу