қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.06.2021

«Биология» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттерінің оқу-далалық тәжірибесінің қорытынды конференциясы


2021 жылғы 18 маусымда Жаратылыстану және география институтында «Биология» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттерінің оқу-далалық тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға институттың мансап дамыту бөлімінің мүшелері, тәжірибе жетекшілері, студенттер қатысты. Қорытынды конференцияны бөлім басшысы Сәуле Жамилова жүргізді. Студенттер өз есептерін презентациялар, бейнероликтер түрінде қорғады. Барлық сөз сөйлеген студенттер бұл тәжірибе тұрғылықты жері бойынша ботаника және зоология бойынша өз білімдерін кеңейтуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Осы форматтың арқасында олар өз аймағының флорасы мен фаунасымен танысты. Қауіпсіздік техникасы бойынша онлайн-режимде кеңес бергендері үшін өз басшыларына алғыстарын білдірді. Конференция жақсы деңгейде өтті, өте қызықты және танымды болды.