қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.06.2021

Жұмысқа орналасудың алғашқы қадамы жасалды

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Binom school арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында 18 маусымда Binom school-ға жұмысқа орналасуға ниетті бітіруші курс студенттерінен сынама тест жұмыстары алынды. Тесттен жақсы нәтижеге алған бітіруші түлектер Binom school-ға жұмысқа орналасуға жолдама алды.

 

Мұндай шара екіжақты серіктестікті нығайтады және болашақ мұғалімдерге өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға және ашық бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Жалпы жұмыс нәтижесінде барлық түлектер жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Алдағы уақытта бұл үрдіс үздіксіз жалғасатын болады.

 

 

23.06.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



411

Кері оралу