![]()
07.03.2019
«Латын негізді қазақ жазуы: ономастикалық-графикалық кеңістік мәселелері» дөңгелек үстелі
Семинар жұмысына ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, Республикалық және Алматы қаласы жоғары оқу орындары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы ӘТжХҚУ профессор-оқытушылары мен университеттің білім алушылары: ізденушілер, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысады;
Республикалық «дөңгелек үстел» жұмысында талқыланатын мәселелер: - ономастикалық атаулардың графикалық кеңістікте таңбалану мәселелері; - графикалық кеңістіктегі жарнама және маңдайша мәтіндері; - антропонимдер орфограммаларының бірқатар мәселелері - оомастикалық-графикалық кеңістіктің латыннегізді қазақ жазуына негізделу мәселелері.
Республикалық «дөңгелек үстел» жұмысының жүргізілетін тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы 13, кабинет 320.
Өткізілетін уақыты: 15.03.2019, басталуы сағ. 10.00, тіркеу: сағ. 09.00.
![]() Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|