қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
16.07.2021

Екпе алған студенттер арасындағы ұтыс ойындарының жеңімпаздары анықталды

 


 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың студенттердің денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 Қаулысы негізінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2021 жылдың 1 шілдесі мен 25 тамызы аралығында COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған студенттер арасында ұтыс ойындары жарияланды.

 

Осы орайда, білім алушылар арасында келесідей ұтыстар ойнатылуда:

- 100 білім алушыға 1 жылдық оқу ақысына 5% жеңілдік;

- 50 білім алушыға 20 000 теңге ақшалай сыйақы;

- 50 білім алушыға Қапшағай жағажайындағы «Ұстаз» демалыс орына жолдама;

- 60 білім алушыға «I teach in English» ағылшын тілінің дайындық курсына тегін сертификат;

- 20 білім алушыға «Meloman» дүкенінен кітап сатып алу үшін 10 000 теңге ақшалай сыйақы;

- 100 білім алушыға «Abai University» имидждік өнімдерін сыйға тарту.

 

Бүгін, 16 шілде күні вакцинаның бірінші компонентін 1-15 шілде аралығында алған білім алушылар арасында ұтыстың үш ойын түрінен жеңімпаздарды анықтау шарасы өтті.

 

Ұтыс ойынының тиімді және әділ жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында ойын Ережесі бекітіліп, арнайы комиссия құрылды. Жеңімпаздарды анықтау университет ректоры Дархан Нұрланұлының төрағалығымен құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен өтті. Ал, ұтыс ойыны тікелей эфирде ZOOM бағдарламасы бойынша жүргізілді.

 

Шараны университет ректоры Дархан Билялов ашып, қазіргі күні халықтың денсаулығын сақтап қалудың ең маңызды және тиімді жолы ол вакцина ектіру екенін атап өтті. Сонымен қатар, барлық вакцина ектіріп, ұтысқа қатысуға мүмкіндік алған студенттерге сәттілік тіледі.

 

Жеңімпаздарды анықтау https: randomus.ru/list кездейсоқ сандар генераторы әдісі арқылы жүргізіліп, нәтижесінде 50 студент Қапшағайдағы демалыс орнына жолдама, 60 студент ағылшын курсына тегін сертификат және 100 студент бір жылдық оқу ақысына 5% жеңілдікке ие болды. Жеңімпаздар туралы толық ақпарат алдағы уақытта университеттің ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.

 

Университет білім алушылары арасында вакцина ектіруді тиімді ұйымдастыру және оларды вакцина алуға ынталандыру мақсатындағы игі шара өз жалғасын табады.

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент

16.07.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com