қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.08.2021

Педагогикалық практика - оқу процесінің ажырамас бөлігі

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мансап» орталығы 2021 жылдың 2-6 тамызы аралығында «Практика алды даярлық» курсын өткізді. Спикерлер ретінде Алматы қаласының білім беру саласының тәжірибелі мамандары сөз сөйледі, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

 

Кездесу барысында спикерлер 3-4 курс студенттеріне практика кезеңінде қажетті ақпарат берді. Мектеп басшылары студенттерді өз мекемелерінде практикадан өтуге және жұмыс істеуге шақырып, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, құнды кеңестер берді. Студенттер мен олардың тәлімгерлері сұрақтар қойып, практикадан өтудің түрлі мәселелерін талқылады.

 

Бір апталық курстың соңында бір жылдық педагогикалық практиканың негізгі мәселелері шешілді. Болашақ мұғалімдер үшін педагогикалық практика - оқу процесінің ажырамас бөлігі, оны сәтті өту - маңызды міндет.

 

06.08.2021 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz

 

 



183

Кері оралу