қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.09.2021

Бірлігі мықты елдің - тірлігі мықты


  

 

Қазақстан пандемиясының дамуының үшінші кезеңі қарсаңында араға бір жыл салып, 2021 жылдың 1-қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын жасады.


Осы Жолдаудың қабылдануымен ел дамуының шешуші кезеңіне қадам басқан, тәуелсіздігінің 30-жылдығын тойлағалы жатқан, егемен еліміздің тұрақты дамитын ел экономикасын құрудағы, денсаулық, білім, ғылым саласындағы негізгі қажетті бастамаларын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді мақсаттар мен басымдылыққа жету бойынша жасампаз процесс басталды.


Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, бір жыл бұрынғы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» - бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы - дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мем¬лекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек -деген ел президенті өз жолдауындағы үшінші мәселе ретінде Сапалы білім беру саласындағы білім мен ғылым саласына тағы да баса назар аударды. Өйткені, білімі мен ғылымы дамымаған елдің халықаралық аренаға шыға алмай тығырыққа тірелетіні анық. Осы бір жыл ішінде елімізде ғылым саласына бөлінген гранттар саны өсіп, оларға жастардың да атсалысуына мемлекет тарапынан талаптар қойылып, көңіл бөлініп отырылды. «Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл - кезек күттірмейтін шаруа»- деп атай келе, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін тағы еске салды. Мұны білікті, парасатты ел тағдырына жаны ашитын білімдар, іскер азаматтар, яғни бүкіл Қазақстан халқы жүзеге асыру керек. Ол үшін мемлекеттің халықаралық олимпиадалар мен халықаралық жобалардың жеңімпаздарына бөлініп отыратын қомақты ақшалай қаражаттары. Бұл біздің болашағымыз білімді жастарда екенін мойындап, оларға мүмкіндік ашуымыз.


Сонымен қатар, Президент: «Ғылымды дамыту - біздің аса маңызды басымдығымыз. Бұл саладағы түйткілдердің шешімін табу үшін жылдың соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет»- екендігін айта келіп, ол үшін, ең алдымен, жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек екендігін баса айтты. Және оны шешу үшін, оны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз ете отырып, ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін енгізу туралы Ережені Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына тапсырғанын айта кетті.


Тағы бір қуанарлық жағдай іргелі ғылымдарға бөлінген гранттар мерзімін үш жылдан бес жылға ұзарту қажет екенін ескерді. Бұл ғалымдар үшін көптен күткен қуанышты жаңалық болды. Өйткені, Президентіміздің өзі айтқандай, қысқа жоспарлау мерзімінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізудің өзі қиын екені анық еді. Демек, Бұл - уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз, яғни, бүкіл бір мемлекеттің экономикасымен қатар, білімін, ғылымын терең талдап, сараптауға құрылған бұл Жолдаудың өзін үшінші мыңжылдыққа батыл қадам басқан жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі екенін дәлелдейтін, "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның" жылнамасы десек, еш қателеспейміз.


Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйек 2021 жылы үшінші Жолдауы - казіргі уақытта әлемдегі эко¬но-микалық тұрғыда дамыған ел¬дер¬дің аса маңызды бәсекелестік артықшылығы - білім, ғылым және жаңа технологиялар болғандықтан, елі¬міздің ғылым дамуының жаңа деңгейіне түбегейлі шығуы қажет салмақты тұжырымдамаларымен, өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен басты мәселелерді дер кезінде қамтыған жолдау болуымен маңыздылығы арта түсті, яғни, маңызды мәселе - ғылымның пайдасы, басқаша айтқанда оның халыққа, елімізге, шаруа¬шы¬лы¬ғы¬мызға әкелетін пайдалы әсері, яғни, енгізетін жағымды жаңалығы болуында.


Еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық Университетінде бұл жолдауды талдау, жүзеге асыру арқылы тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен кең көлемде әлемге жан-жақты танылуы үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек еткенде ғана жетістікке жететінімізді профессор-оқытушылар құрамы арасында да, студенттер арасында да кеңінен насихаттауға көшті. Өйткені, «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп халқымыз бекер айтпаған. Біздің күш-қуатымыз - берекелі бірлікте!-деген Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың сөзімен қорытындылай отырып, шынында, Бірлігі мықты елдің - тірлігі мықты болатынын айта кеткенді жөн санадым.

 

 

Бөрібаев Е.Ә
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
зерттеу қызметі жөніндегі проректоры


06.09.2021ж.
Ақпарат көзі:
bilim.expert