қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
13.09.2021

«31 арнаға» жаңа директор тағайындалды

 

 

 

«31 арна» Құрманбек Жұмағалидің бас директор қызметіне тағайындалғанын жариялады.


«Жаңа телевизиялық маусымның басталуымен «31 арнаға» Құрманбек Жұмағали басшылық ететін топ-менеджерлердің жаңа командасы келеді. Бұл шешім арнаның дамуына, атап айтқанда, телекөрерменнің өзгеріп отырған артықшылықтарына және бәсекелестіктің артуы жағдайындағы жаңа сын-қатерлерге сәйкес арнадағы өз өндірісінің контентінің сапасы мен санының өсуіне жаңа серпін беретініне сенімдімін», деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры және «31 арна» Бақылау кеңесінің мүшесі Ерлан Оспанов.


Бас директор лауазымында Құрманбек Жұмағали ТВ және интернеттегі аудиториялық көрсеткіштерді одан әрі арттыруға, Қазақстандағы «31 арнаның» нарықтық үлесін ұлғайтуға, жеке өндіріс өнімдерінің желісін кеңейтуге және жалпы бизнестің тиімділігін арттыруға шоғырланады.


«Еліміздің ең табысты және танымал телеарналарының бірі командасының мүшесі болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен телеарнаның еліміздегі алғашқы отбасылық ойын-сауық телеарнасы мәртебесін қайтарып алудағы рөлімді көріп отырмын», деп атап өтті Құрманбек Жұмағали.


Құрманбек Жұмағали 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген. «Журналистика» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Әр жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Хабар» агенттігінде редактор-жүргізуші, тілші, Қарағанды облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарып, «Қазақ радиосын» басқарған.


Жаңа қызметке дейін ол «Астана» телеарнасының бас директоры болған.

 


13.09.2021ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz

 



156

Кері оралу