қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.09.2021

Қазақстандық балаларға «Әліппе» оралды


Биылғы 2021-2022 жаңа оқу жылы бірінші сынып оқушылары үшін ерекше жыл болды. Арамызға «бар кітапқа бас болған» Әліппе қайта оралып, бүкіл ел қуанды.

 

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы әдістемесінің негізінде жасалған «Әліппе» оқулығының авторы Әзия Елеупанқызы Жұмабаева - болашақ бастауыш білім педагогтерін даярлауда қажырлы еңбек етіп жүрген әдістемеші ғалымдарымыздың бірі. Ол бастауыш білім беру бағдарламаларының жетекшісі, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымының атынан әріптесіміз, «Әліппе» оқулығының авторы Әзия Елеупанқызына зор денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып, еліміздің білім мен ғылымын дамытуға қосар үлесіңіз еселене берсін дейміз.