қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
05.10.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ - Білім берудегі инновациялар байқауының серіктесі 

 

   

 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті алғаш рет Мәскеу қаласындағы Жоғары экономика мектебі білім беру институты (ЖЭМ) жыл сайын өткізетін білім берудегі инновациялар байқауына (КИвО) серіктес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Бұл серіктестік «Білім беру инновацияларын іріктеу және бағалау және педагогикалық эксперимент жүргізу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

 

Оған білім саласына қызығушылық танытатындардың барлығы қатыса алды.

 

Енді 28 қазанда финалға Мәскеуге баратын командалардың тізімі жарияланды», - дейді университтегілер.

 

Биылғы жылы КИвО-Қазақстан байқауының тармағы өз жемісін берді. Финалистер арасында Нұр-Сұлтан қаласынан екі команда бар.

 

Төменде келтірілген жобалардың тізімі көбінесе білім беруді цифрландыруға байланысты екендігі байқалады. Бірақ цифрландыру арқылы байқауға қатысатын командалар білім беру процесіне қатысушыларды қолдаудың түрлі мәселелерін шешуді ұсынады. Біздің қазақстандық командалар да одан тыс емес. Финалға шыққан жобалар:

1. Ғалымдарға арналған Краудфандинг (Санкт-Петербург) - ғылыми жобаларды бірлесіп қаржыландыруға арналған әдістемелік платформа;

2. UAVProf (Калининград) - https://uavprof.com -ұшқышсыз авиацияның онлайн мектебі;

3. Мектеп Криптовалютасы (Мәскеу) - https://schoolspace.ru Оқушыларды білімге, спортқа және шығармашылыққа ынталандырудың экожүйесі;

4. WM Products (Мәскеу) - https://wm-24.website - көру ерекшеліктері бар адамдарға арналған веб-ресурстарды бейімдеу қызметі;

5. Интерактивті дене шынықтыру кешені (Челябинск) - https://playstand.ru -гибридті форматтағы сауықтыру ойындарының жабдығы, софт және әдістемесі;

6. «Химичим дома вместе» флешмобы (Курск);

7. UNITO (Новосибирск) - мектепте буллингті алдын алуға арналған үстел ойыны;

8. IZIDZ (Севастополь https://izidz.com) - мектеп үй тапсырмаларымен көмек көрсету сервисі;

9. Виртуалды педагогикалық агент (Мәскеу) - «Виртуалды класс» технологиясының тиімділігін арттыру үшін чат-бот;

10. Smart Grades (Нұр-Сұлтан) - балалар мен ата-аналарға арналған үлгерімді бақылау бойынша мобильді қосымша;

11. QPSY (Нұр-Сұлтан) - психологияны цифрландыру - оқушыларға психологиялық көмек көрсету платформасы.

 

Финалистер жазғы мектеп кезеңінен онлайн өтті. Енді олардың алдында жаңа міндет тұр - өз идеяларын қалай жүзеге асыру керектігін көрсету. Бұл бағытта оларға Жоғары экономика мектебі білім беру институты (Мәскеу қ.) мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология институты ғалымдары көмек көрсетуі тиіс. (Қазақстаннан өтінімдер үшін). Эксперименттің дизайнын жасау, алаңды ұйымдастыру біздің бірлескен жобаның міндеті.

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жобасының жетекшілері байқауға белсенді қолдау көрсетіп келеді.

 

05.10.2021 ж.

Ақпарат көзі: inform.kz