қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
25.10.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторанттардың республикалық шеберлік апталығы басталды

 


 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтында «Жаратылыстану ғылымдары және пәндері: озық тәжірибелер мен технологияларға негізделген зерттеулер» атты докторанттардың республикалық шеберлік апталығы басталды. Апталықтың мақсаты - жаратылыстану ғылымдары мен пәндері бойынша докторанттардың инновациялық зерттеулерімен танысу, олардың өзара тәжірибе алмасу алаңын құру және талантты докторанттарды ынталандыру.

Еліміздің талантты докторанттарын бір арнаға тоғыстырған шеберлік апталығы қараша айының 30-ына дейін жалғасатын болады. Апталықтың алғашқы күнінде докторанттардың вебинарлар топтамасы өтеді. Шеберлік апталығына еліміздің ЖОО-да білім алатын докторанттар мынадай шаралар бойынша қатысуда: «Ғылыми зерттеулерге жаңа көзқарас» атты вебинарлар (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 15.00-17.00 аралығында).

«Үздік мақала» байқауы; «Өркениеттер тоғысындағы жаратылыстану: ғылыми идеялардың эволюциясы» тақырыбында үздік пост байқауы. Апталықтың соңғы күні офлайн режимінде байқаулардың жеңімпаздары және үздік спикерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

 

Авторы: Шахислам Ұзақбайұлы Лайсханов,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің постдокторанты, PhD докторы

25.10.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz