қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті

 


 

25 қазанынан 6 қарашасына дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты​ «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары -​ ​ зерттеуші-профессорлары тағылымдамадан өтті.


Тағылымдамадан Хамзина Ж.А., аға оқытушылар Байсымакова Д.С., Белхожаева Д.Ж. және Тұрлыханқызы Қ. профессор Е.А. Бөрібаевтың жетекшілігімен​ ​ Янки Купала атындағы Гродно​ мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) заң факультетінде «Тұлғаның әлеуметтік-еңбек құқықтарын соттық және медиация нысандарында қорғау» тақырыбында біліктіліктерін жетілдірген.


Ғылыми тағылымдама нысанындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру 72 академиялық сағат көлемінде​ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын гранттық ғылыми жобаны орындау аясында жүзеге асырылды.

 

09.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz