қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.04.2019

Құрметті әріптестер!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты I аймақтық «Almaty tour» гид-экскурсоводтар форумына қатысуға шақырады.


Форумның мақсаты - Алматы қаласы және Алматы облысындағы туристік нысандарында жүргізілетін экскурсия бағдарламаларының мазмұнын талқылау және жаңа ақпараттармен бөлісу.


Жұмыстың ұйымдастырылу формасы: пленарлық мәжіліс, өзекті мәселелерді талқылау.


Форумның ашылуы: 26 сәуір 2019 жыл, сағ.: 10.00. Қатысушыларды тіркеу - сағат 9.00-де, мекен-жайы: Достық даңғылы, 13 (2-қабат), Кіші конференц-зал.

 

Форумға қатысушылар: туризм саласындағы қызметкерлер, туристік фирма және ұлттық табиғи парк қызметкерлері, гид-экскурсоводтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, зерттеушілер, оқытушылар.


Өткізілетін орны: Қазақстан, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13.


Форумның жұмыс тілдері: қазақша, орысша.

Форумның ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би, 30, Абай атындағы ҚазҰПУ, №1 оқу ғимараты.

Байланыс телефоны: 8 (727) 291 83 83 - География, экология және туризм кафедрасы.
е-mail: tourforum_kaznpu@bk.ru