
 Аккредитация - бұл ЖОО қызметінің сапасын тұтастай немесе ЖОО-ның жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеу органы белгілі бір стандарттар мен өлшемдерге сәйкестігін бағалайтын процесс («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. № 319-III Заңы). 
 Стандарттар мен өлшемдерді әрбір аккредиттеу органы өз бетінше анықтайды. 
 Аккредиттеудің түрлері: - институционалдық; 
 Институционалдық аккредиттеуден өту университетке бірнеше мүмкіндіктер береді: - студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту; - университеттің білім беру қызметінің экспортқа бағдарлануын кеңейту; - өзінің мәртебесін және берілген білімнің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растау; - ұлттық білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру; - білім беру гранты негізінде мемлекеттік қаржыландыруды алу; - университет туралы ұстанымын, имиджін және қоғамдық пікірін арттыру; - сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және сапа мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету; - білім беру бағдарламаларын басқару арқылы білім беру процесін басқару. 
 Бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеуден өту университетке келесідей мүмкіндіктер береді: - университет дипломдарын тану және түлектерді шетелде жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту; - студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту; - білім беру қызметінің экспортқа бағдарлануын кеңейту; - халықаралық білім беру нарығында бәсекеге түсу, жоғары білім берудің әртүрлі жүйелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру; - өзінің мәртебесін және берілген білімнің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растау; - білім беру қызметтерінің ұлттық нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру; - мемлекеттік білім беру гранты негізінде қаржыландыру алу; - білім беру бағдарламалары туралы позицияны, имидж бен қоғамдық пікірді арттыру; - білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және сапа мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету; - білім беру бағдарламасын басқару арқылы білім беру процесін басқару. 
  |