қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы ТМД-ның үздік педагогы атағына ие болды

 


 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік педагогы» ТМД үздік ғалымдарының ғылымы мен жеке жетістіктерін танымал етуге бағытталған бірегей жоба болып табылады.

 

Бұл жобаға халықаралық ынтымақтастық және ғылымды одан әрі интеграциялау аясында Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Қазақстан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Тәжікстан Республикасынан, Қырғызстан Республикасынан әр түрлі саладағы проблемалар бойынша ғылыми әзірлемелерге әуес педагогтар қатысты.

 

Нәтижесінде, Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты, «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» білім беру бағдарламалар бөлімінің доценті Джусупова Дария «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік педагогы» дипломымен және төсбелгісімен марапатталды.

 

 

23.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz