қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.11.2021

 «Қазіргі тарих ғылымы: өлкетану, аймақтық және локальді тарих мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 

 

2021 жылдың 24 қарашасында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен, көрнекті-ұстаз, тарихшы ғалым, Абай атындағы ҚазҰПУ-ның профессоры, Ресей Жаратылыстану академиясының корроспендент-мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Қазіргі тарих ғылымы: өлкетану, аймақтық және локальді тарих мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын онлайн және офлайн форматта өткізді.

 

Конференцияны Тарих және құқық инстиутының директоры Джунусов Адиль  жүргізіп отырды.

 

Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы - Ректор Билялов Дархан, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА академигі - Есполов Тілектес, Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Лысенко Юлия, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің  басқарма аппарат жетекшісі - Кайргалиева Гулфайруз, «Сарайшық» мемлекеттік-тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары - Айбек Тұрарұлы, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы - Қарасаев Ғани, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі - Кенжебаев Ғабит, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры. - Төлебаев Тұрғанжан, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры - Айдаркул Каан қатысып, құттықтауларын жолдады.

 

Конференция барысында ғалым Жұмағұлов Болатжетекшілік жасайтын «Атырау облысының тарихы (көне заманнан бүгінгі күнге дейін)» тақырыбындағы ғылыми жобасы аясында жарияланған «Сұрқия саясат сойқаны» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.