қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
26.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы

 

Педагогика және психология институты, «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламалары кафедрасының «8D012-Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс докторанттары ғылыми шетелдік тағылымдамадан өтті. Докторанттар тағлымдаманы Ресей, Украина және Түркия мемелекеттерінде жоғары деңгейде өтіп, кафедраның профессор, оқытушы құрамына есеп берді.


Анарбек Лаура Анарбекқызы ғылыми тағылымдаманы Ресейдің Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің, «Мектепке дейінгі білім беру» кафедрасында 2021 жылдың 11-қазан және 18 қазан аралығында өтті. Ғылыми тағылымдама институт және кафедрамен бекітілген бағдарламаға сәйкес өтті. Төмендегідей нәтижелер бойынша: диссертациялық тақырып анықталып, өзгеріс енгізілді. Диссертацияның мазмұны бойынша және Скопус, Томсон Рейтерс, Web of Science журналдарына мақала жазу талаптары бойынша кеңестер алынды; Кафедраның оқу үдерісі мен ғылыми жұмыстарымен танысты; Тағылымдама нәтижесі бойынша сертификат берілді.


3 курс докторанты Нурбекова С.М. Киев қаласында (Украина) Борис Гринченко атындағы Киев университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.


Тәжірибе барысында докторант 012 «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша жоғары оқу орнының аспиранттарына жүргізген п.ғ.д., профессор Л.В.Козактың дәрістер» мен тәжірибелік сабақтарына қатысты.


Ғылыми кеңесшісі, п.ғ.д., профессор Л.В.Козактан ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша кеңес алынды. Зерттелетін жұмыстың эксперименттік бөлігінің нәтижелерін жетілдіру талқыланды.


Педагогикалық институттың және В.А.Сухомлинский атындағы Мемлекеттік ғылыми-педагогикалық кітапханасында болып, зерттеу тақырыбына мазмұны жағынан ұқсас ғылыми еңбектермен танысты және ғылыми кеңесшімен бірлескен мақала жазылды.


Польша, Беларусь, Кипр елдерінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, оқу орындарының практикалық қызметкерлері мен ғалымдары қатысқан «Педагогтерді дайындаудың жаңа стратегиясы: қоғамдық сұраныс, білім беру тенденциясы» III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысып баяндама жасады.


Сонымен қатар, 2021 жылғы 17-31 қараша аралығында докторанттар Ж.А. Мамытбаева мен Ж.М.Ақынова Түркия мемлекетінің Анкара университетіндегі Педагогикалық ғылымдар факультеті базасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.


Тағылымдаманың негізгі мақсаты- ғылыми-зерттеу жұмыстарға байланысты ғылыми еңбектерді зерттеу, жұмыстың зерттеу бөлігіне қажетті материалдарды жинау, жаңа білім алу және оқу процесінде тәжірибе алмасу, ғылыми-семинарға қатысу.


Докторанттар тағылымдама жоспарына сәйкес шетелдік ғылыми кеңесші PhD докторы, Зеки Озеннен және Серкан Келесоглудан ғылыми зерттеу жұмысы бойынша кеңес алды.


Докторанттар ғылыми тағылымдамадан өту барысында университеттің оқыту үдерісімен танысып, ғылыми кеңесші PhD докторы, Зеки Озеннің «Дәстүрлі балалар ойыны», «Драма» және PhD докторы Серкан Келесоглуның сабақтарына қатысып, студенттермен пікір алысты. Ғылыми зертттеу жұмысы бойынша Анкара университетінің педагогикалық ғылымдар факультетінің кітапханасында ғылыми еңбектер қаралды және авторефераттармен, ғылыми мақалалармен танысты.


Зеки Озеннің ұйымдастыруымен Фахри Корутүрк Натойолу көшесіндегі, Хабибе Мехмет Кая балабақшасымен танысып. Балабақша меңгерушісімен карантаниннен кейінгі және карантин уақытындағы балабақшада кездескен қиындықтар туралы сұхбат құрылды. PhD докторы, Серкан Келесоглуның ұйымдастырумен «Ғылыми зерттеу әдістері» атты семинарға қатысты.


2021 жылғы 1-14 қараша аралығында Педагогика және психология институтының «8D012-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3 - курс докторанттары И.В. Ли Мен М. Е. Абдулина Украинаның Педагогика Ғылымдарының Ұлттық Академиясы тәрбие мәселелері институтының (Киев) мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу зертханасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Шетелдік консультант-Гавриш Н. В. тақырыбында зерттеу жұмысы бойынша жеке консультациялар өткізді. Гавриш Н.В. мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді сөйлеуін дамытудың жаңа әдістері және АКТ оқыту саласындағы технологиялар ұсынылды. Докторанттар сондай-ақ «Үлкен әлемнің кішкентай адамдары: заманауи социумдағы ерте жастағы баланың дамуы» атты бүкіл Украиналық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 

   

 

   

 

   



159

Кері оралу