қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2021

«Менторлық жоба» дөңгелек үстел

 

2021 жылдың 26 қарашасында Жаратылыстану және география институты, Химия білім бағдарламалар тобында, Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Менторлық жоба» аясында профессор Жеңіс Шоқыбаевпен «Химия пәнін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Мақсатты аудитория: Жаратылыстану және география институтының жас оқытушылар құрамы.

 

Дөңгелек үстелді Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің мүшесі, аға оқытушы Жанар Қорғанбаева жүргізді.

 

Семинарда Жеңіс Шоқыбаев білім берудегі тәжірибесімен, білім беру саласындағы өзгешіліктері мен ерекшеліктер туралы, ұстаздың келбеті мен біліктілігі туралы өз ойымен бөлісті. Жас оқытушылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, сабақ берудегі өз тәжірибесімен бөлісті.