қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2021

Cалауатты өмір салты - денсаулық кепілі

 

2021 жылдың 26 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының 2021/2022 оқу жылының кешенді жоспарына сәйкес, 1 желтоқсан - СПИД-ке қарсы Халықаралық күрес күніне орай, студенттер арасында «COVID19, ВИЧ/СПИД алдын алу және салауатты өмір - денсаулық кепілі» тақырыбында, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен, Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Алматы қалалық орталығының маманымен акция өтті.

 

Іс-шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты. Шараның мақсаты: жастардың өмірін сақтап қалу дағдыларын қалыптастыру, COVID-19, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шаралары туралы студенттердің хабардарлығын арттыру, өзін-өзі сақтау мінез-құлқын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру арқылы жастардың денсаулығын сақтау және нығайту. Акция барысында көптеген маңызды сұрақтар талқыланып, студенттермен қызықты суреттер салынып, сұрақ-жауап айдары болып өтті. Өткен іс-шара студенттерге жақсы дағдылар сіңіруге себепші болды. Болашақта салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әуесті заттардан біздің студенттер алшақ болатынына сенімдіміз!