қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.12.2021

Түркиядан келген шетелдік ғалымдардың оқу курстары

 

2021-2022  оқу жылының 15 қараша - 10желтоқсан аралығында Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына  Гази университетінің  (Түркия) профессоры, филология ғылымдарының докторы, TÖMER тіл үйрету орталығының директоры  Незир Темур, Қожатепе университетінің (Түркия) докторы, түркітанушы ғалым Хусейн Каһарман Мұтлұ  «Түркі өркениеті: тілі, әдебиеті және тарихы» тақырыбында дәріс және семинар-тренинг жүргізуде.

 

Профессор Незир Темур студенттер мен магистранттарға түрік тілінен семинар-тренинг жүргізіп, түрік тілінде тілдік коммуникация жасауға үйретудің шебер әдістемесін көрсетті. Әрсеминар-теренинг өте жоғары деңгейде өтуде. Білім алушылардың түрік тілін меңгеруге деген ынтасы мен қызығушылары да ерекше. 

 

Түркітанушы ғалым Хусейн Каһарманның «Булгар түркілері: тілдік ерекшеліктері және булгар түркілерінен қалған тарихи мұралар»,  «Көне ұйғырлар: тілдік ерекшеліктері және көне ұйғырлардан қалған тарихи мұралар»,  «Гундық дәуір және гундардан қалған тарихи мұралар», «Қазақ латын әліпбиі» тақырыбында оқыған дәріс, семинарлары өте жоғары деңгейде өткізіліп жатыр.

 

Шетелдік ғалымдар жоғары ғылыми біліктілігін ғана емес, сонымен қатар аудиториямен байланыс жасау шеберлігін, тыңдаушыларды ғылыми ізденіс энергиясымен қызықтыратынын көрсетті. Білім алушылар дәрістер мен семинарларда нәтижелі жұмыс жасауда.