қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2021

Ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби кеш

 

2021 жылдың  3 желтоқсанда «Алматыкітап» кітап үйінде № 165 мамандандырылған лицейдің сегізінші сынып оқушылары мен Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен бірге «Өмір, мені өз құшағыңа ал!» атты Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби композиция дайындады.

 

Кешке Сәуле Әбішева -  профессор, М.Мақатаев туралы кітаптардың авторы; Татьяна Барышникова - Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының консулы, Россотрудничество өкілі; Екатерина Власова - филология ғылымдарының кандидаты, ЭЖМ ҰЗУ қауымдастырылған профессоры (Ресей, Мәскеу) қатысты.

 

Кездесуге қатысушылар - сөз сөйлеушілер мен кеш қонақтары - поэзияға деген сүйіспеншілік пен көрнекті ақын және өз Отанының шынайы патриоты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық және адами дарынына тағзым ету сезімдерін біріктірді.