қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларының
Өзбекстандағы жоғары оқу орындарына сапары

 

Білім және ғылым саласында тәжірибе алмасу мақсатында 2021 жылдың 29 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында Муким атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық университеті және Ферғана мемлекеттік университетінің шақыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану және география институтының профессорлары: Бахадурхан Әбдіманапов, Дария Жүсіпова және аға оқытушы Жанар Жақсибаева Өзбекстан ЖОО-на іс-сапармен барып келді.


Университеттерді аралау барысында мастер-кластар өткізілді, студенттерге жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша бірқатар дәрістер оқылды.


Ферғана мемлекеттік университетіне барған кезде Өзбекстанның аймақтық университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы үшін онлайн семинар өткізілді. Білім беру қызметтерінің заманауи нарығында бәсекеге қабілетті білім беру мүмкіндіктері мен перспективалары туралы мәселелер талқыланды.


Университет басшылығымен кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ және Өзбекстан университеттері арасында өзара халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісімге қол қою ниеті айтылды.


Университетке барған кезде Құрметті қонақтар аллеясына ағаш көшеттері отырғызылды.