қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.05.2019

«Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» ғылыми-практикалық конференциясы

 

2019 жылдың 21 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 

Конференцияға ҚР БҒМ республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдарының жетекшілері: Математика және математикалық модельдеу институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, Экономика институты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Зоология институты, Қазақ тағамтану академиясы, Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және т.б. қатысады.


Ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаменті.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Жамбыл, 25, Абай атындағы ҚазҰПУ, мәжіліс-залы.

 

Байланыс телефондары: 8(727)291-10-22, 291-27-10.