қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.12.2021

«Аударма ісі» мамандығының студенттері - халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу конкурсының жүлдегерлері

 

Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті (Ресей) жыл сайын «Русское слово» декламациясының халықаралық қашықтықтан мәнерлеп оқу конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурстың мақсаты - студент жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, орыс тілі мен мәдениетін үйренуді насихаттау және қолдау.


Биылғы жылы (2021 жылдың 20 тамызы - 23 желтоқсаны) Декламация конкурсына қатысушылардың жалпы саны 243 адамды құрады. Бұл алыс шетелдерден (Ұлыбритания, Франция, Польша, Қытай), сонымен қатар көршілес елдерден, соның ішінде Қазақстаннан қатысушылар.

 

Бұл конкурсқа біздің студенттердің қатысуы жақсы дәстүрге айналды. «Аударма ісі» мамандығының студенттері - Куканова Есмира мен Камалова Айгүл (1 курс, ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының докторы Жұмабекова А.Қ.) 1-ші орынға ие болды, «Ең техникалық қатысушы» номинациясы бойынша 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал 3 курс студенті Бимырзаев Асылжан (жетекші - аға оқытушы Ибрагимова К.Қ.) «Ерекше мәнерлеп оқитын қатысушы» номинациясында 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Конкурсқа қатысқан студенттер YouTube видеохостингінде орналастырылған орыс жазушысы, сценарист, педагог - Константин Паустовскийдің музыкалық сүйемелдеуімен мәтінін жатқа оқу бейнероликтерін ұсынды.

 

Марапаттау рәсімі Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінде 2021 жылдың 23 желтоқсанында офлайн және онлайн режимінде өтті. Конкурсқа қатысушыларға профессор А.Қ. Жұмабекова университетіміздің ұжымының құттықтауын жеткізді.

 

Шәкірттеріміздің жетістігіне қуана отырып, оларды шын жүректен құттықтаймыз және бар жақсылықты тілейміз. Жарайсыңдар студенттер!!!

 

Конкурс туралы ақпарат СГМПУ сайтында орналастырылған.