қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Р. Арзиев «Бірлік» алтын медалімен марапатталды


2021 жылдың 24 желтоқсан күні Достық үйінің Мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдениет орталығы тарапынан кеңейтілген жиналыс болып өтті. Жиналыста Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру инcтитуты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының доценты, филология ғылымдарының кандидаты Руслан Арзиев Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Наградаға Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.Қ. Тоқаев қол қойған.

 

Абай атындағы ҚазҰПУнің ұжымы атынан көрнекті тілтанушы ғалым Арзиев Русланды лайықты марапатымен құттықтап, ұзақ өмір, денсаулық және шығармашылық табыстар тілейміз!