қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.12.2021

Университет пен білім беру мекемелері арасындағы байланыс

 

2021 жылғы 24 желтоқсанда Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Г.Х. Абдрахманова, доцент Р.У. Арзиев, Х.В. Масимова және Ш.Б. Баратова Алматы облысы, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандарындағы оқу ұйғыр тілінде жүргізілетін мектептерді және Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжін аралап, мектеп басшылары және оқушылармен кездесті. Кездесу барысында болашақ талапкерлерге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бүгінгі күндегі жетістіктері мен институт құрамындағы мамандықтар жайында жан-жақты мағлұмат беріліп, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында мектеп директорларымен екіжақты келісім-шарт жасалды.

 

Келісім-шарттың мақсаты - шығыс филологиясы және аударма кафедрасы мен ЖББМ-нің ұйғыр тілі мен әдебиеті мамандары арасында ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік байланыс орнату, екіжақты немесе көпжақты кәсіби және мәдени іс-шараларды қолдау, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

 

Кездесуде қолға алынған бастамалар Панфилов ауданындағы Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінде жалғасын тауып, білім беру мекемелерімен іскерлік, тәжірибелік және мамандандырылған байланыстарды дамытудың маңыздылығы талқыланды.