қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.12.2021

 

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

 

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын!

 

Өткен 2021 жыл біздің еліміз үшін өте маңызды оқиғаларға толы болды. Бірлескен күш-жігерімізбен барлық қиындықтарды жеңе білдік, уақыттың жаңа сын-қатерлеріне төтеп беріп, табандылық таныттық, ең қиын жағдайларда біздің басты міндетіміз - білім алушыларға сапалы білім беру мен тәжірибелерін шыңдауды ұмытпай, түрлі проблемаларды шештік. Нәтижесінде - халықаралық және ұлттық рейтингтердегі позицияларымыз жоғарылады. Абай университетінің ғалымдары мен педагогтарының жетістіктері түрлі марапаттармен атап өтілді. Бұл біздің бүкіл ұжымның жемісті еңбегі!

 

Жаңа жыл университетіміз үшін жемісті жұмыстарға толы болары сөзсіз. Біздің қызметіміздің келесі кезеңі университеттің 2022-2025 жылдарға арналған даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру болады.

 

2021 жылды қорытындылай отырып, мен Абай университетінің барлық қызметкерлеріне педагогикалық саладағы болашақ мамандардың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеудегі күнделікті ауыр, бірақ сауапты еңбектері үшін алғыс айтқым келеді.

 

Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың оқудағы, ғылымдағы, спорттағы және шығармашылық қызметтегі табыстарына ризашылығымды білдіремін. Білім алушыларымыздың әр жетістігімен мақтанамын. Оқу орнымызды бәріміз бірге дамудың жаңа сатысына көтеретінімізге сенімдімін.

 

Жаңа жыл бізді әрқашан жаңа жетістіктерге, жаңа биіктерге жетелейді.

 

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз мықты, болашағымыз жарқын болсын! Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын! Баршаңызға денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!

 

 

Құрметпен, ректор Дархан Біләлов