қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.12.2021

«Болашақ» стипендиаттарының толық тізімі жарияланды

 

2021 жылдың 28 желтоқсанында «Болашақ» стипендиаттарының толық тізімі жарияланды. Биылғы жылдың үшінші легінің іріктеу қорытындысы бойынша шәкіртақы 569 қазақстандыққа берілді. Оның ішінде 11 адам Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы.

 

Естеріңізге сала кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың үш оқытушысы: Бекпенбетова Қазына Асанқызы, Сабирова Дина Әлтайқызы, Сейілхан Айнұр Сейілханқызы 2021 жылдың 8 қыркүйегінде екінші легі бойынша Шетелде біліктілікті арттыру комиссиясының шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері атанды. Олар «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша Вашингтон университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтеді.

 

2021 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дан стипендиялық бағдарламаға қатысуға барлығы 55 өтінім берілді, оның ішінде 28 адам «500 ғалым» бағдарламасына, 27 адам «Болашақ» бағдарламасының жыл сайынғы тағылымдамадан өтуіне өтінім берді.

 

«Болашақ» стипендиясын алған үміткерлердің тізімі

1. Бекпенбетова Қазына Асанқызы

2. Сабирова Дина Алтайқызы

3. Сейілхан Айнұр Сейілханқызы

4. Ақылбекова Тұрар Наурызбайқызы

5.Қасымбекова Динара Әбілжанқызы

6. Сыман Қуаныш Жеңісқызы

7. Қасымбек Әлия Орынбасарқызы

8. Сайфумаликова Сабира Сабытжанқызы

9.Ержанов Еркебұлан Дәукенбайұлы

10. Әбсатова Марфуға Әбсатқызы

11.Құрманбек Ақайдар Анарғалиұлы

12.Өмірбекова Ақерке Нұрланбекқызы

13. Шорабек Әділхан Дүйсенбайұлы

14. Жұмаш Гауһар Темірұлықызы

 

Байқаудың басынан бастап халықаралық ынтымақтастық бөлімі тағылымдамадан өту туралы барлық қажетті ақпаратты берді. Әрбір үміткермен жеке келіссөздер жүргізілді, WhatsApp чаты құрылды, онда тағылымдамадан өту туралы барлық соңғы ақпарат жарияланды, ZOOM платформасы арқылы «Болашақ» стипендиялық бағдарламасына үміткерлермен апта сайынғы кездесуі өткізілді.

 

Жалпы, 2021 жылы 500 ғалымнан тұратын жаңа санаттың енгізілуіне байланысты «Болашақ» стипендиясын алған үміткерлер саны республика бойынша артты.

 

Шәкіртақы алған жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың таңдаған бағыттары бойынша тәжірибеден өтулеріне тілектеспіз, сонымен қатар бұл жеңіс бүкіл университеттің жеңісі екенін атап өткіміз келеді!