қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
13.01.2022

Абай университетінің жастары Мемлекет басшысын қолдайды

 


 

Еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде студент-жастар ЖОО басшыларымен бірге барлық қазақстандықтарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына топтасуға және оның ел тәуелсіздігін нығайту, құқықтық тәртіпті орнату және деструктивті элементтер тарапынан түрлі жағымсыз көріністерге жол бермеу жөніндегі шешімдерін қолдауға шақырады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мемлекет басшылығы қабылдаған шешімдер Алматы мен республиканың басқа қалаларында өмірді қалыпқа келтіретініне сенімді. Ал олар қазір көп нәрсе халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен түсінігіне байланысты екенін түсінеді, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Ділдәбек Дидарбек:

 

- Қазіргі таңда «Бейбіт Қазақстан», «Тәуелсіз Қазақстан» деген сөздердің мағынасы артып келеді. Бейбіт шеру қылмыскерлердің шабуылымен жалғасады деп ешкім де күдіктенген жоқ. Тәуелсіздік тарихында мұндай жағдай көрмеген Қазақстан халқы есеңгіреп, 2-3 күннің ішінде өмір сүру салтын өзгерткендей. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Үндеулері мен қабылдаған жедел шешімдері үрейімізді сейілтіп, сенім қалыптастырды.

 

Осы тұста барша Қазақстандықтардың үлкен үміті Президентімізде екені анық. Әрбір ел азаматы ақылға салып бір ойға жинақталғаны қылмыскерлер мен террористтерден ертерек тазаруға өз ықпалын тигізеді. Халық арасында әліде алыпқашпа әңгімелер таратып, қаралаушылардың көп екені көрініп тұр! Ел Президентін, не болмаса әскерді, одан ҰҚШҰ не екенін білмейтіндер дұрыс емес пікір қалдырып жатқанын көріп отырмыз. Бейбіт шеру болса бірсәрі, кешегі өткен ылаң, ұрлық, бассыздық ел қамын ойлағандардың ісі емес!

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті Әбдікамал Алсын: - Елде болған оқиға бәрімізді қатты алаңдатады. Біз Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған барлық үндеулерін мұқият қадағалаймыз, оның елдің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін сақтауға деген ұмтылысын қолдаймыз. Мемлекет басшысы жедел қабылдаған шешімдер елімізді қиын жағдайдан шығаратынына сенімдіміз. Бізге тыныштық, бейбітшілік қажет.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Студенттік парламент ұйымының мүшесі Әймен Нұрахымова: - Мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін мұқият тыңдадым. Ол елде енгізілген төтенше жағдай өз жемісін бергенін және оның бүкіл аумағында конституциялық құқық белгіленгенін атап өтті. Мен Президентімізді және оның қазіргі саясатын толық қолдаймын. Туған жерімізді, егемендігімізді сақтау үшін арандатушыларға бой алдырмау керек. Мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа толық сенемін.

 

13.01.2022 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz



136

Кері оралу