қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.01.2022

«Қоғам белсендісі - үздік көшбасшы-2021» республикалық конкурс

 

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Қоғам белсендісі - үздік көшбасшы-2021» республикалық конкурсын өткізді, конкурс қорытындысы бойынша өз номинациялары бойынша үздік деп танылған белсенді қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

 

Аталмыш конкурста Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының «Химия-биология» мамандығының 3-ші курс студенті Уласанова Дильназ қатысып, «Студенттік өмірде менің жеткен жетістіктерім» тақырыбында эссе жазудан жеңімпаз атанып, 1-ші дәрежелі диплом иеленді. Конкурс қорытындысы бойынша Уласанова Дильназ ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін «Қоғам белсендісі - үздік көшбасшы-2021» жеңімпазы атанып, төсбелгі және арнайы куәлікпен марапатталды.

 

Конкурстың мақсаты - студенттерді патриоттық сезімге баулу, достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу, студент жастардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, оларды ізденіске баулу; студенттерді қоғамдағы жастар ісіне тарту, білімді де білікті жастармен өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қалыптастыру.