қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.01.2022

Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері анықталды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. К.Ерғалиевтың 23.12.2021 жылғы «2021 жылы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру туралы» №600 бұйрығына сәйкес мемлекеттік ғылыми стипендиялар Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары Тенлик Далаева мен Әйгерім Байкуловаға берілді. Оқытушыларымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!

 

   

 

Далаева Тенлік Тоқтарбекқызы
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры


Т.Т. Далаеваның 150-ден астам жарияланымы бар, оның ішінде Web of Science деректер базасында 6 мақала, SCOPUS деректер базасында 3 мақала, ҚР БҒМ БҒССҚК журналдарында 30-дан астам мақала; Web of Science деректер қоры бойынша Хирша индексі - 3; Scopus бойынша Хирша индексі-1. ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобасының жетекшісі (2020-2022) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бес ғылыми жобасының орындаушысы (2012-2020), Абай атындағы ҚазҰПУ үш ішкі ғылыми грантының жетекшісі (2013, 2014, 2020). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықтардың, Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жоғары оқу орындарына арналған оқу қуралылардың авторы. Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршысы» («Тарих ғылымдары» сериясы) ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі. 2020-2021 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «8D01601 - Тарих» мамандығы бойынша докторлық (PhD) ғылыми дәрежесін беру үшін диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі. Тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының жоғары білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау жөніндегі сарапшысы (2018, 2019). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2019» грантының иегері; ҚР БжҒМ-ның Құрмет грамоталарымен марапатталған (2018, 2021).

 

   

 

Байкулова Айгерим Мейрхановна

PhD доктор, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогикалық технологияларды талдау» лабораториясының постдокторанты

 

А.М. Байкулованың 40-тан астам жарияланымдары бар. Оның ішінде монография - 1, 6 мақаласы Scopus базалары бойынша дәйектелетін, нөлдік емес импакт-факторлы шетелдік журналдарында жарияланған (Хирш индексі-2), 3 авторлық куәлігі бар. ҚР БжҒМ қаржыландыратын ғылыми жобалардың АР08857119 - «Болашақ мұғалімнің студентке орталықтандырылған оқытуын цифрлық орта жағдайында трансформациялау» және ИРН AP09058126 - «Білім алушылардың Батыс Қазақстанның ЖОО-да кәсіптік даярлау жағдайындағы әлеуметтік жауапкершіліктері» орындаушысы. Германия Сыртқы істер министрлігінің қаражатынан академиялық алмасулар неміс қызметі (DAAD) қаржыландыратын «Pedagogical professionalism and internationalization - dialogue with the post-Soviet Islamic educational space» халықаралық жобаның орындаушысы. «Обучение субъектов постдипломного образования методам проектирования и реализации исследовательской деятельности» халықаралық университет аралық жобаның орындаушысы (Жоғары экономика мектебі, Ұлттық зерттеу университеті, Мәскеу, Ресей).



247

Кері оралу