қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.01.2022

Абай университетінің оқытушысы жас ғалымдарға арналған стипендиялық бағдарламаның лауреаты атанды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Жарасбек Байшемиров Франциядағы Лотарингия университетінде қысқа мерзімді ұтқырлық (3 ай) бойынша жас зерттеушілер арасында «Жас ғалымдарға арналған SSHN постдокторлық ғылыми-зерттеу стипендиясының» лауреаты атанды.

 

Байшемиров Жарасбек Дүйсембекұлы он жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтында қызмет етіп келеді. Ол Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, University Colledge London оқу орнында тіл курстарынан өтті (Лондон, Ұлыбритания, 2013 ж.) және Тулуза университетінде қолданбалы есептерді математикалық және компьютерлік модельдеудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті (Тулуза, Франция, 2013-2014жж.). Сондай-ақ, 2017 жылы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері және 2019 жылы ЖОО-ның үздік оқытушысы атанды, сонымен қатар ҚР БжҒМ іргелі және қолданбалы жобаларының ғылыми жетекшісі және/немесе орындаушысы (2012-2023 жж.), халықаралық «GeKaVoc» неміс-қазақ жобасы орындаушысы (2019-2020 ж.).