қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.01.2022

Филология студенттері университет атын асқақтатты

 

Жақында М.С. Нәрікбаев атындағы UNIVERSITET KAZGUU Жоғары гуманитарлық мектебі ұйымдастырған филология факультетінің студенттеріне арналған «LINGUA АЛАҢ» (офлайн) республикалық зияткерлік сайысының мақсаты - филология мамандықтары студенттерінің білімін насихаттауға және олардың жан-жақты дамуына ықпал ететін алаң құру.

 

Жаңа форматта ұйымдастырылған сайыста M.S. NARIKBAEV ATYNDAGY KAZGUU UNIVERSITETI ( І орын), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ІІ орын), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ІІІ орын), Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті (ІҮ орын), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Ү орын), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (ҮІ-орын), Орталық Қазақстан универсиеті (ҮІІ орын) филология факультетінің 2-ші курс студенттері қатысты.

 

Университетіміздің атынан «Шамшырақ» командалық тобымен интеллектуалды сайысқа қатысқан Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-ші курс 202 топ студенттері А.Мендыбаева, А.Иосифова және «6В02301-Филология» мамандығының 2-ші курс 202 топ студенттері С.Ергеш Қ.Берікбайларды ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшілік еткен ф.ғ.к., аға оқытушы Ж.А.Қоқанова мен «Сөзтаным» клубының жетекшісі, аға оқытушы Р.Қ.Бақбергеноваға алғысымызды білдіреміз.