қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.01.2022

Абай университетінің студенттеріне кәсіби дамуға барлық жағдай жасалған​​​ ​ ​

 

Абай университетінде студенттердің жан-жақты дамуына, кәсіби өсуіне барлық жағдай жасалған. Көптеген студенттер, әсіресе мақсатты және дарынды студенттер, осы мүмкіндіктерді белсенді қолданады. Мәселен, Математика, физика және информатика институтының «6В01507 (5В011100) -Информатика» мамандығының  4-ші курс студенті Ергеш Нұрсұлтан - Шымкент қаласындағы №18 жалпы білім беретін мектептің түлегі.

 

Университет қабырғасында оқып жүріп, Нұрсұлтан өзін жан-жақты көрсете білді. Ол оқу үздігі, үлгілі, талапты да талантты студент. Барлығына үлкен жауапкершілікпен қарай отырып, кафедрамыздың, институтымыздың іс-шараларын ұйымдастыруда белсенділік танытады.  

 

2020 жылы ЖОО студенттері арасында Республикалық «The Best Мobile App - 2020» мобильді қосымша жасау онлайн сайысында  Абай атындағы ҚазҰПУ, 5В011100-Информатика мамандығының 2-курс студенттерінен  (команда капитаны Ергеш Н., Мустафин С., Есіркеп С.) құрылған  JASTIME  командасы 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Алматы телеарнасы ЖОО студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған топтар арасындағы интеллектуалды IQ Almaty сайысында «5В011100-Информатика» мамандығының студенттерінен құрылған Абай жастары (команда капитаны Ергеш Н., Мустафин С., Сағидуллаева А.) тобы  бақтарын сынады.

 

Нұрсұлтан алғашқы педагогикалық іпрактика кезінде (3 курстан бастап) алған білімдері мен дағдыларын белсенді түрде пайдаланып, өзін дайын ұстаз ретінде көрсетіп, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің құрметіне бөленді. Қазіргі таңда Ергеш Нұрсұлтан оқушыларға және білім алушыларға өзінің тәжірибелерімен бөлісіп, сабағымен қатар бірнеше жұмыстарды қатар атқарып келеді: DAMU Зияткерлік мектебінің робототехника пәні мұғалімі; RoLab academy орталығында  7 - 11 сынып оқушыларына Web Development курсынан сабақ берді;Математика, физика және информатика институты және RoLab academy орталығының қолдауымен Аламты қаласының мұғалімдеріне  робототехника, электроника бағыты бойынша 72 сағаттық курсын оқыды;Бастауыш сыныпқа робототехника курсын оқыту әдістемесінің авторларының бірі; Алматы қаласының оқушыларына «Front end Dev» курсының мұғалімі.

 

Нұрсұлтан Ергештің жұмыстарымен төмендегі сілтемелерден танысуға болады:

 

https://www.instagram.com/damu_school.kz/tv/CXqwBSrI71Y/?utm_medium=copy_link

 

https://www.instagram.com/p/CEbNo98pJIy/?utm_medium=copy_link