қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
02.11.2020

«Мәлік Ғабдуллин: өмір сүрген дәуірі, тұлғасы, естелігі» халықаралық дөңгелек үстел

 

2020 жылдың 29 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық унверситеті Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен  «Мәлік Ғабдуллин: өмір сүрген дәуірі, тұлғасы, естелігі» тақырыбында онлайн форматта халықаралық дөңгелек үстелі өткізілді. Шараны алғы сөзбен физика-математика ғылымдарының докторы Сахиев Саябек ашты. Іс-шараның модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының директоры Джунсусов Әділ болды.

 

Мәдени-танымдық шараға Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры Джамиля Абдукадырова, ҚР Президенті Мұрағатының директор орынбасары Кайрат Алимгазинов, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы Валентин Колясев, ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Кенжехан Матыжанов, профессор, РҒА Ресей тарихы институты Дина Аманжолова, РҒА Жалпы тарих институтының бас ғылыми қызметкері Татьяна Котюкова, профессор Балтабай Абдығазиев, Мәлік Ғабдулиннің қызы Малика Усенова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Лайла Ахметова, PhD докторы, профессор, Отто фон Герике атындағы Магдебург Универсиетінің өкілі Герике Карлос Мачад, ҚР ҰҒА академигі Бахтияр Сманов, Ариэль университетінің профессор Кирилл Феферман, PhD, Эстония Тартус университетінің профессоры Аймар Венстель қатысты. Шарада Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын архивтік құжаттардан баяндама жасалды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

       

 

       




Кері оралу